АҚШАЛАР
Биткоин – ақшаның міндетін атқарушы жаңа қаражат, сан ғасырлар бойы адамзат
алдында тұрған міндеттердің шешімін табу: экономикалық құндылықтардың кеңістік пен уақыт аясындағы орнын ауыстыру үшін цифрлық дәуірдің технологиялық мүмкіндіктерін пайдаланатын өнертабыс. Биткоинді түсіну үшін әуелі ақша
деген не екенін ұғыну, ал ол үшін олардың қызметтік міндеттері мен тарихын зерделеу керек.
Құндылықтарды айырбастаудың ең қарапайым тәсілі – бір бағалы нәрсені немесе тауарды екіншісіне ауыстырып алу. Мұндай делдалсыз, тікелей айырбастау
үдерісі бартер деп аталады, алайда бұл үлгі тек тауарлармен көрсетілетін қызметтер түрі шектеулі шағын ортада ғана кәдеге асады. Айталық, әлдебір болжалды,
әлемнен қол үзіп қалған он шақты адамнан құралған ортада еңбек бөлінісі мен
нарығы үшін кеңістік онша көп емес, сондықтан әрбір жеке адам күнделікті тұрмысқа қажетті тауар түрлерін шығарып, оларды көршісімен тікелей айырбас жасай
алады. Бартер адамзат қоғамында әрқашан болды және...
Скачать книгу