Қоғамдық құрылыс құралы
Амманнан шығысқа қарай алпыс миль жерде, Иордан шөлінің құмынан ада
тасты жерде БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары басқармасы ашқан Азрак сириялық босқындар лагері орналасқан. Онда әскери казарма сияқты қатаң сызықтық
тәртіппен орналасқан, ақ металдан жасалған уақытша үйлерде үйсіз-күйсіз қалған 32 мың сириялық тұрады. Негізінде, шағын қала Азрактың да әлемдегі басқа
қалалардағыдай өзіндік ішкі мәселелері бар. Дегенмен БҰҰ-ның Босқындар ісі
жөніндегі Жоғарғы коммисары басқармасы (БҰҰ БЖКБ) және басқа да гуманитарлық міндеттер босқындарды баспана, тамақпен ғана қамтамасыз ете алады.
Олардың тәртіпті, қауіпсіздікті және қаланың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған құрылымдары және инстанциялық өкілеттігі жоқ.
Кез келген босқындар лагерінде саясаткерлер «әлеуметтік капитал» деп
атайтын нәрсе – қоғамдастықтың қалыпты жұмыс істеуіне және өзге топтармен өзара әрекеттестікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін байланыстар мен
қарым-қатынастар кемшін болып жатады. Азракта әсіресе осы мәселе өте күрделі. Лагерьде полиция жасағы бар, бірақ онда иорданиялықтар қызмет етеді. Олар босқындар қатарына жатпайды, жат саналады. Әрине, БҰҰ өкілдері
«бейберекеттік және заңсыздық орнаған жер» деп таныған...
Скачать книгу