Вавилоннан биткоинге дейін
Кез келген қолданыстағы валюта (мейлі ол компьютерлік бағдарламалар арқылы жасалған криптовалюта я билік басып шығарған қағаз ақша болсын)
айналымға түскен қоғамының сеніміне ие болуға міндетті. Келесі тарауларда
криптовалютаның жақтастары қоғамның сеніміне ие болудың балама жолын
ұсыну оның өзегінде жатқан идея екенін түсіндіруге тырысқан жорамалдарын
сөз етеміз. Олар аударымды алған жандар екінші тараптың келісілген соманы
төлей алатындай жағдайы барын білу үшін «үшінші тарапқа» (банктер яки билік
мекемелері) жүгінбейтін төлем жүйесін ұсынады. Криптовалюталық жүйе сенім
мәселесін ағаттық жасамайтын әрі назары басқа жаққа бұрылмайтын, адам баласын алдамайтын компьютерлік бағдарламаларға шешуге тапсырған. Алайда
бұл әрекет қоғамның сеніміне ие болу үшін жеткілікті емес. Қоғам сеніміне толық ие болып, өз жұмысын еркін орындау үшін басқа әрекеттер де қажет.
Сенім – кез келген ақша жүйесінің табан тірер тиянағы. Жүйе жұмыс істеуі үшін адамдар бұған басқалар да сенім артқанына сенімді болуы қажет.
Сондықтан да биткоиннің тарих...
Скачать книгу