Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Цифрлық активтер майнерлерінің «Цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет» атты жаңа 6313 ЭҚЖЖ кодының енгізілуіне байланысты таяуда болған өзгерістерден хабардар болғаны жөн.
Жаңа код енді цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызметті ресми түрде көрсетеді.
Бұл кіші сынып блокчейн арқылы ақпараттандыру объектілеріндегі деректер блоктарының тұтастығын растауды қамтамасыз ететін деректерді шифрлау мен өңдеудің берілген алгоритмдеріне сәйкес компьютерлік, энергетикалық қуаттарды пайдалана отырып, есептеу операцияларын жүргізуді қамтиды.
Жаңа ЭҚЖЖ-ның енгізілуі экономикадағы цифрлық активтер мен блокчейн-технологиялардың артып келе жатқан маңыздылығын көрсетіп отырғанын атап өту керек.
Мұндай реттеушілік қадамдар оның ішінде цифрлық майнинг саласындағы ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, криптожүйенің орнықты дамуына ықпал ете алады.