Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен немесе криптоактивтермен айналымға тыйым салынғаны белгілі. Әрі оған «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында ғана рұқсат етілген.
Бұл АХҚО-ның тиісті лицензиясын алмай, ешкім цифрлық активтерге байланысты қызметпен айналысуға құқылы емес дегенді білдіреді.
Бұған дейін криптоактивтерге байланысты қызмет АХҚО-ның әртүрлі актілерімен реттелген болатын. Бұдан былай цифрлық активтерге байланысты қызметке қатысты барлық нормалар «Цифрлық активтерге байланысты қызмет бойынша қағидалар» (Rules on Digital Asset Activities) деп аталатын бір қағидаларға шоғырландырылды.
Қағидалар мынадай қызмет бағыттарын қамтиды:
1. Криптоактивтерге инвестициялар бойынша мәмілелерді агент және сенім білдіруші ретінде жүргізу;
2. Инвестицияларды басқару;
3. Кастодиандық қызметтер;
4. Инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру;
5. Криптовалюталарға инвестициялар мәселелері бойынша консультация беру.
Қағидаларда криптобиржалардың қызметі және қызметі криптоактивтермен байланысты тұлғалар үшін тәртіп пен талаптар регламенттелген.
Құжатқа сілтеме: https://orderly.myafsa.com/articles/aifc-rules-on-digital-asset-activities