• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

МАЙНИНГ ЖАБДЫҚТАРЫН ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ІРІ ӨНДІРУШІ CANAAN ҚБТҚ МҮШЕСІ БОЛДЫ

Жарияланған күні: 21.02.2024

Блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығы (ҚБТҚ) баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, майнингке арналған заманауи жабдықтар өндірісіндегі көшбасшылардың бірі ретінде танымал Canaan Convey Co компаниясы Қазақстандағы ынтымақтастығын кеңейтіп жатыр.

«Canaan майнинг жабдықтарын өндірушілер арасында бұрыннан бері жетекші орынға ие. Мұндай ынтымақтастық Қауымдастық мүшелеріне және лицензиясы бар басқа да майнерлерге процестердің тиімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар, электр энергетикасы секторын қоса алғанда, шығыстарды оңтайландыра алатын техниканы сатып алуға мүмкіндік береді» – деп атап өтті ҚБТҚ басшысы Дәурен Қарашев.