Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының Төрағасы Дәурен Қарашев және Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Басқарма Төрағасы Анатолий Шкарупа «Голос народа» ақпараттық агенттігінің алаңында бірлескен сұхбат берді.
Сұхбатта келесі мәселелер қозғалды:
- майнерлер электр энергиясының тапшылығына кінәлі ме;
- майнерлердің Қазақстаннан кету себептері;
- майнерлер қазақстандық энергетиктерге неліктен қажет;
- кез келген қазақстандық зауыт жарықсыз қалуы мүмкін;
- майнерлерге Қазақстанда электр станцияларын салуға мүмкіндік беру;
- майнерлерге мемлекеттік кепілдіктер беру.
Әңгімелесу барысында Қазақстанның энергетика саласына қатысты бірқатар басқа да мәселелер көтерілді.
Толық сұхбатты «Голос народа» ақпараттық агенттігінің ютуб-арнасынан https://www.youtube.com/watch?v=F3xfSqkhMfY&t=412s сілтемесі арқылы көруге болады.