Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының (ҚБТҚ) Төрағасы Дәурен Қарашев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанда танымал заңгер Абзал Құспанның қабылдауында болып қайтты.
Қауымдастықтың басшысы еліміз және Қазақстан қоғамы үшін блокчейннің пайдасы мен перспективалары туралы айтып берді.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, ҚБТҚ Төрағасы депутатқа Қауымдастық қазақ тіліне аударған блокчейн және крипто индустрия саласындағы бес әлемдік бестселлерді табыс етті.
Кездесу барысында Қауымдастықтың өкілі Қазақстан қоғамы және мемлекеттік органдар осы перспективалы салаға үлкен қызығушылық танытып, еліміздің экономикасын дамыту үшін оның маңызын сезінетінін атап өтті.