Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Негізін қалаушысы, танымал дизайнер әрі кәсіпкер Қасымхан Жапанов бастаған Creeon дизайн студиясы Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының (ҚБТҚ) толық құқылы мүшесі болды.
Қасымхан Жапанов көрнекті графикалық дизайнер ғана емес, сонымен қатар, ол криптовалюта әлеміндегі нағыз ізашар. NFT бумы кезінде Қасымханның қызметтеріне американдық және басқа да шетелдік инвесторлар белсенді түрде тапсырыс берген болатын.
ҚБТҚ басшысы Дәурен Қарашев Creeon Design негізін қалаушысымен ынтымақтастық мәселелерін талқылап, болашақ ынтымақтастық аясында Қауымдастықтың қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Creeon Design боксшы Геннадий Головкин сияқты жұлдыздар үшін логотиптерімен және футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының формасы үшін фирмалық стиль әзірлемелерімен танымал.