• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

ATAIX Eurasia криптобиржасы ҚБТҚ мүшесі болды

Жарияланған күні: 21.02.2024

ATAIX Eurasia қазақстандық криптобиржасы Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының (ҚБТҚ) толыққанды мүшесі болды. Қауымдастыққа оннан астам ұйым кіреді, олардың арасында: лицензияланған цифрлық майнерлер, цифрлық активтердің биржалары, блокчейн-бағдарламаларды әзірлеуші компаниялар бар.

ATAIX Eurasia директоры Арутюн Погосян ҚБТҚ-мен перспективалы ынтымақтастық жасалатынына сенім білдірді. Биржа блокчейн-технологиялар нарығындағы қызметін 2022 жылы бастаған болатын. 2022 жылғы сәуірде АХҚО лицензиясын алып, ATAIX Eurasia дәл сол жылдың тамызында сауда алаңын іске қосты және қысқа мерзім ішінде Қазақстан нарығында көшбасшыға айналды. Компания келешекте фиат арналарын одан әрі кеңейтуді, жаңа криптовалюталарды қосуды және олардың өтімділігін арттыруды жоспарлап отыр.

Биржамен мына жерден танысуға болады https://ataix.kz/