Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған «Цифрлық активтерге салық салу» тақырыбында онлайн-конференция өтті. Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК цифрлық активтерді әкімшілендіру басқармасы басшысының м.а. Айгүл Абайқызы Ибрагимова сөз сөйледі.
Тікелей эфир барысында МКК өкілі бірқатар сұрақтарға жауап берді. Мысалы, цифрлық активтерді өткізуді қандай құжаттармен көрсету керектігі туралы айтып, қосарланған салық салуды болғызбау туралы және т.б. сұрақтарға жауап берді. Трансляцияны толығымен мына сілтеме арқылы көруге болады: https://n9.cl/nalogikz
Егер тақырып бойынша әлі де сұрақтарыңыз қалса не эфир уақытының шектеулі болуына байланысты өз сұрақтарыңызға жауап алмасаңыз, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды осы посттың астындағы түсініктемелерде жазуды сұраймын. Біз 5 күн ішінде барлық келіп түскен сұрау салуларды жинап, Қауымдастықтың атынан МКК-ге ресми хатпен жолдаймыз.