Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
2024 жылғы 1 наурызда ҚБТҚ төрағасы Дәурен Қарашев пен Compliance Hub қауымдастығының Президенті Тимур Мусин Қазақстанның цифрлық активтер нарығында транспаренттілік пен заңдылықты қамтамасыз етудегі ынтымақтастық және бірлескен жұмыс мәселелерін талқылады.
Тараптар нарық ойыншыларына заңнаманың нормаларын сақтауда және бизнесті жүргізу мәдениетін арттыруда жан-жақты қолдау көрсетуге ниетті.
«Қауымдастығымыздың қатарында Compliance Hub тұлғасындағы мүшенің болуы қазақстандық крипто индустрияны жоғары этикалық тұрғыда дамыту ниетімізді растайды», – деп атап өтті Қарашев.