Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Бүгін қазақстандық блокчейн технологиялар қауымдастығы бейне конференция режимінде Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі А.Е. Оразбектің төрағалығымен криптоиндустрия мен блокчейн-технологияларды дамыту жөніндегі кезекті жұмыс жиналысына қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде "Астана" халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі - АХҚО) криптобирж жұмыс істеуінің жекелеген аспектілерін пысықтау және келісу мәселесі талқыланды.
Талқылау барысында АХҚО, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және басқа да қатысушылардың ұстанымдары мен ұсыныстары тыңдалды.
Сондай-ақ, кеңесте тиісті ұсыныстармен қазақстандық Блокчейн технологиялар қауымдастығының Басқарма төрағасы С.К. Ахметов сөз сөйлеп, тиімді жұмыс пен сындарлы диалог үшін кеңеске қатысушыларға алғысын білдірді.
Кеңес қорытындысы бойынша, Тараптар криптоиндустрия мен блокчейн-технологияларды дамытуға бағытталған Жол картасының жобасын егжей-тегжейлі пысықтауға шешім қабылдады.