Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Өткен аптада, атап айтқанда, 2024 жылғы 13 наурызда цифрлық активтер саласындағы қызметтерге қатысты жаңа көзқарасты қамтитын АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитетінің хабарламасы жарияланды.
Құжат Fintech Lab Зертханасының барлық қатысушыларына, оның ішінде АХҚО-ның цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар тұлғаларға крипто валюталар саласындағы кейбір құралдарды сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бұл келесі құралдар:
Біріншісі – бұл ең танымал құрал P2P.
Екіншісі – деривативтер саудасы.
Үшіншісі – маржиналдық сауда.
Төртінші – биржадан тыс сауда.
Бесіншісі – NFT саудасы.
Алтыншысы – крипто валюталардың есебінен қарыз беру.
Жетіншісі – өтімділік пулын қолдау.
Сегізіншісі – стейкинг қызметтері және басқа да мәселелер.
Яғни бұл крипто активтермен жұмыс істеу жөніндегі қазақстандық алаңдарда жақын арада барлық қажетті құралдардың болатынын білдіреді.
Сондықтан сіздер заңсыз жаһандық биржалардағы барлық танымал құралдарды қазақстандық биржалардан да таба аласыздар.
Қазақстандық биржаларда сіздердің жинақтарыңыз теріс тәуекелдерге барынша аз ұшырайды.