Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Жақында ATAIX Eurasia биржасы Mastercard Blockchain Day іс-шарасындағы панельдік сессияға қатысты. Іс-шара барысында Қазақстандағы криптобиржалардың жобалары, жоспарлары мен проблемалық мәселелері талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, ATAIX биржасы ҚР ірі банктерімен белсенді ынтымақтастық жасайды және мобильді банкингтің көмегімен аударымдарды қабылдайды.
Сонымен қатар, ATAIX Eurasia жаңа төлем әдісі – карточкалық депозиттердің іске қосылғанын жариялады. Функция нарыққа қатысушылардың: ATAIX Eurasia-ның, Altyn Bank пен Mastercard-тың үшжақты кооперациясының арқасында іске асырылды. Енді криптоәмиянды толтыру процесі интернет-дүкенде сатып алу сияқты қарапайым болды.
“Біз криптовалюта биржаларының, Mastercard сияқты жаһандық төлем жүйелерінің, сондай-ақ қазақстандық банктердің тығыз ынтымақтастығы цифрлық активтер үшін төлем инфрақұрылымын құруда қуатты катализатор болатынына және бөлшек инвесторлар үшін оларды өткізуді едәуір оңайлататынына сенімдіміз”, – деп форумның қорытындыларына түсініктеме берді ATAIX Eurasia СЕО-сы Арутюн Погосян.