Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Соңғы кездері жасанды интеллект (ЖИ) және блокчейн технологиялары бірін-бірі толықтыратын бағыттар ретінде барған сайын көбірек атала бастады. Технологиялар мен қаржы саласындағы көшбасшылар осы саладағы болашаққа деген көзқарастарымен бөліседі:
• «Блокчейн ЖИ-мен тығыз байланысты болады», – ARK Invest инвестициялық компаниясының негізін қалаушы Кэти Вуд.
• «Болашақта әрбір үкімет егеменді ЖИ-бұлтты құрғысы келеді», – Oracle басшысы Сафра Катц.
• «ЖИ кез келген дерлік жұмысты жақсарта алады», – JPMorgan Chase CEO-сы Джейми Даймон.
• «Генеративті ЖИ интернет [пайда болған] кезден бастап ең ірі технологиялық трансформация болуы мүмкін. Ықтимал шешімдерден қоғам мен бизнес үшін пайда бәрімізді таңғалдырады», –Amazon CEO-сы Эндрю Р. Джесси.
Әлемдік сарапшылардың бағалауы қазіргі заманғы әлемде ЖИ мен блокчейн арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды екенін ерекше атап өтеді әрі бұл технологиялардың өмір мен бизнестің әртүрлі салаларындағы революция үшін әлеуетін көрсетеді.
Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығы ортақ байланыс нүктелерін табуға ұмтыла отырып, осы бағыттар бойынша жұмыс істеп жатқан алғашқы ұйымдардың бірі болғанын айта кеткен жөн.