Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
«Блокчейн және жасанды интеллект мектебі» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) қызметкерлерін блокчейн негіздері, криптовалюталар, смарт-келісімшарттар, NFT және GameFi бойынша оқытуды аяқтады.
2024 жылғы 18 сәуірде ҚМА алаңында Агенттіктің оқытудан сәтті өткен 33 қызметкеріне сертификаттарды табыс ету жөніндегі салтанатты рәсім өтті.
Инновациялық технологиялар адам сенгісіз қарқынмен дамып жатыр, сондықтан Мектептің борышы еліміздің құқық қорғау және мемлекеттік органдары мамандарының біліктілігін, сондай-ақ әрбір қазақстандықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға жәрдемдесу болып табылады.
ҚМА мамандарымен қатар, Ішкі істер министрлігінің, Бас прокуратураның, Парламенттің қызметкерлері, сондай-ақ инновациялық технологияларға қызығушылық танытқан қазақстандықтар оқытудан өтті.
Осылайша, 170 қатысушы қамтылды.
Мектеп өз серіктесі – Gexabyte компаниясына ерекше алғыс білдіреді.