• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

Нұрбанк пен ATAIX Eurasia заңды тұлғалар үшін қаражатты шығару сервисін іске қосты

Жарияланған күні: 25.04.2024

Нұрбанк пен ATAIX Eurasia қазақстандық нарықта алғашқы болып заңды тұлғалар үшін фиат балансынан қаражатты шығару жөніндегі сервисті іске қосып, инноватор болды. Банкішілік процестерді автоматтандырудың арқасында және Нұрбанкте ашық шот болған кезде, жаңа сервис транзакцияның жылдамдығын бірнеше минутқа дейін арттырады.

«ҚР-дағы цифрлық активтер туралы» Заңның қабылдануы жаңа сервисті енгізуге себеп болды, Заңға сәйкес 2024 жылдың басынан бастап майнерлерді өндірілген цифрлық активтер көлемінің кемінде 50%-ын АХҚО криптобиржаларында сатуға міндеттейді, сондықтан әзірленген сервис бірінші кезекте соларға бағдарланған.

Қазақстандық блокчейн-технологиялар және жасанды интеллект қауымдастығының мүшесі ATAIX Eurasia өз серіктестерімен бірге қазірдің өзінде қазақстандық криптовалюта нарығын жекеменшік инвесторлар үшін ғана емес, сонымен қатар, майнерлер, брокерлер және инвестициялық қорлар сияқты институционалдық ойыншылар үшін де ырықтандыру бойынша елеулі қадамдар жасады.

Криптобиржа мамандарының бағалауы бойынша, Нұрбанкпен бірлескен сервис крипто және фиат нарықтары арасында активтердің қозғалысын жеделдету мен оңайлатуға мүмкіндік береді.

«Біз «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрайымы Гүлнар Мұсатаеваға, банктің басшылығы мен командасына кәсіпқойлығы және инновацияларға деген ашықтығы үшін алғыс айтамыз», – деп айтылған ATAIX Eurasia криптобиржасы баспасөз қызметінің хабарында.