• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

Талантты студенттер ҚБТҚ мүшелері болды

Жарияланған күні: 25.04.2024

Назарбаев Университетінің студенттері Асылжан Берікболов пен Санжар Ревшанов Қазақстандық блокчейн-технологиялар және жасанды интеллект қауымдастығының мүшелері болды. Бұл жас ақыл иелері қазірдің өзінде жасанды интеллект саласында терең білімге ие және Chat GPT мен Gemini ЖИ сияқты және басқа да іздеу жүйелерінде Advanced деңгейіндегі шебер пайдаланушылар болып табылады.

Бүгінгі таңда жас дарындар ЖИ технологиялық мүмкіндіктерін қолдана отырып, көптеген компаниялар мен мемлекеттік мекемелерге көмектеседі.

Қауымдастықтың төрағасы Дәурен Қарашев жас таланттардың кәсіби өсуге деген ұмтылысы мен олардың еліміздің технологиялық әлеуетін дамытуға белсенді қатысуға деген дайындығын мойындау және қолдау маңызды екенін атап өтті.