Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Парламент Мәжілісінің қабырғасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Григорьевна Дементьеваға Gexabyte компаниясымен бірлесе отырып, Блокчейн және жасанды интеллект мектебінен шеберлік сыныбын бітіргені туралы сертификатты табыс ету рәсімі болып өтті.
«Блокчейн және жасанды интеллект мектебі» шеңберіндегі бұл курс блокчейн мен криптовалюта негіздерін, Smart-келісімшарттарды, NFT мен GameFi-ды қамтыды және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
ҚБТҚ төрағасы Дәурен Қарашев: «Біздің мектебіміз азаматтар арасында да, негізгі мемлекеттік құрылымдар арасында да біліктілік пен сауаттылықты арттыруға ұмтылады», – деп атап өтті.
Қазірдің өзінде лицензияланған мамандардан 500-ден астам адам оқытудан өткен.
Сонымен қатар, Блокчейн және жасанды интеллект мектебінің алаңында жас ғалымдарға, әзірлеушілер мен зерттеушілерге есігіміз ашық, олар бұл жерде блокчейн және жасанды интеллект саласындағы зерттеулерімен және жетістіктерімен бөлісе алады.