Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Бүгінгі таңда Блокчейн және жасанды интеллект мектебіміз аясында қазірдің өзінде 700-ге жуық қазақстандық оқытылды. Құдайға шүкір, бізде сауатты цифрлық қоғамдастық қалыптасып жатыр. Біз әрбір қазақстандықтың блокчейн және жасанды интеллект сияқты инновациялық технологиялардан хабардар болғанын қалаймыз. Сонымен қатар, біздің мақсатымыз – әрбір қазақстандықтың реттеушілік талаптар мен салық міндеттемелерінен хабардар болуы. Сондықтан біз Мемлекеттік кірістер комитетімен меморандум жасастық. МКК консультация беру үшін криптовалюталарға, блокчейн мен басқа да ілеспе салаларға салық салу жөніндегі маманды тағайындады, ол подкаст өткізіп, сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтарыңызды бізге Telegram-ға жіберуді сұраймыз, сілтемесі https://t.me/+_61uA9-bYww2Mzcy