• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

GEXABYTE ҚБТҚ мүшесі болды

Жарияланған күні: 04.06.2024

GEXABYTE компаниясы Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының мүшесі атанды. 2024 жылғы 14 мамырда Астанада Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұған дейін GEXABYTE мамандары блокчейн және криптовалюта негіздері, SMART-келісімшарттар, NFT және GameFi бойынша Блокчейн және жасанды интеллект мектебінің білім беру платформасында тегін курстардың сериясын ойдағыдай өткізді. Бұл курстар заманауи блокчейн-технологиялар мен криптовалюта әлемінің негізгі аспектілерін ашуға, сондай-ақ NFT және GameFi туралы кіріспе білім беруге бағытталды.

GEXABYTE Web3-өнімдерді әзірлеу мен консультация беруге маманданған. Қазіргі уақытта компания жекеменшік активтерді токенизациялау мен цифрландыруға арналған жаңа платформаны әзірлеп жатыр.

Жұмыс істеген 7 жыл ішінде GEXABYTE TonSeed, ColdStack, Ustaking, Tokenize kz, Euphoria Games, Uwbo, Fob kz, Gemm, Rocki, Dexoo және Orbim сияқты жобаларды қоса алғанда, 50-ге жуық блокчейн-жобаны іске асырды. Бұл жобалар DeFi, NFT-платформалар, ойын жобалары, метағаламдар, орталықтандырылған және орталықсыздандырылған әмияндар, криптовалюталарды айырбастау пункттері және активтерді токенизациялау сияқты әртүрлі секторларды қамтиды.