• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

Жас таланттар мен ҚБТЖИҚ сарапшылары блокчейннің болашақтағы рөлін талқылады

Жарияланған күні: 26.06.2024

Жақында «Сынақтарға төзімді жас өспірімдер академиясының» @atlasacademy.kz қатысушылары Қазақстандық блокчейн-технологиялар және жасанды интеллект қауымдастығының (ҚБТЖИҚ) қонақтары болды. ҚБТЖИҚ қызметкерлері жас әрі талантты балалармен жаңа заманның перспективаларымен бөлісті. «Блокчейн – болашақтың кілті» – бұл күрделі, бірақ қызықты тақырып. Оның барысында Қауымдастықтың сарапшылары блокчейн-технологиялардың ауқымды мүмкіндіктерін, оның ішінде ойын нысанында көрнекі түрде көрсетті.

Ал жас қатысушылар мамандарға адам қызметінің әртүрлі салаларын қозғайтын өз жобаларын таныстырды. Іс-шараның ең белсенді қатысушыларына естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қазақстандық блокчейн-технологиялар және жасанды интеллект қауымдастығының төрағасы Дәурен Қарашев жас қатысушыларға кәсіби жолында табыс тілеп, Қауымдастықтың есігі барлық жас таланттар үшін әрдайым ашық екенін еске салды.