• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

ҚБТЖИҚ «Блокчейн: практикалық қолдану» атты алғашқы ақылы курсты іске қосады

Жарияланған күні: 26.06.2024

«Блокчейн және жасанды интеллект мектебі» әріптесіміз «Gexabyte» компаниясымен бірлесе отырып, «Блокчейн: практикалық қолдану» атты алғашқы ақылы курсты іске қосады.

Оқыту аясында келесі тақырыптар егжей-тегжейлі қамтылады:

Блокчейннің негізгі қағидаттары: кіріспе және блокчейн тарихы. Сіз блокчейн-технологиялардың дамуы мен революциялық маңызы туралы, сондай-ақ деректердің ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың негізгі қолданылуы туралы білесіз.

Желілердің жұмыс істеу тұжырымдамалары: P2P және орталықсыздандыру. Peer-to-peer желілері мен орталықсыздандырылған жүйелер жұмысының негіздерімен танысасыз. Консенсусқа қол жеткізу тетіктері: Proof Of Stake және Proof of Work сияқты әртүрлі көзқарастарды және желілердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтаудағы олардың рөлін зерделейсіз.

Криптовалюталар мен токендер: криптовалюталардың негіздері мен түрлері. Криптовалюталар мен токендер арасындағы айырмашылықтар, олардың типтері мен функциялары туралы білім аласыз. Әмияндар мен транзакциялар: криптовалюталық әмияндар ашуды және басқаруды, сондай-ақ әртүрлі платформаларда транзакциялар жасауды үйренесіз.

DeFi және смарт келісімшарттар саласындағы практика: смарт келісімшарттар және олардың қолданылуы. Ethereum Virtual Machine және басқа да платформалар арқылы смарт келісімшарттар жасауды және пайдалануды зерделейсіз. DeFi-экожүйе: орталықсыздандырылған қаржылық хаттамалармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын аласыз, стейкинг, фарминг және өтімділікті ұсынуға қатысу туралы білесіз.

Ескерту: курс инвестициялауды үйретпейді, криптоактивтерге инвестициялауға шақырмайды, цифрлық активтерді техникалық талдау мәселелерін қозғамайды, қаржылық ұсынымдар мен кеңестер бермейді. Блокчейн технологиясының өзіне, оның өнімдеріне баса назар аударылады және тек қана көрнекі түрде көрсету мақсатында жасалады.

NFT және цифрлық активтер: NFT-ді жасау және пайдалану. NFT-ді жасау процесін және олардың өнер, сән және ойын сияқты әртүрлі салаларда практикалық қолданылуын меңгересіз. Метағаламдармен жұмыс: метағаламдардың негіздерімен және мүмкіндіктерімен танысып, осы виртуалды кеңістіктерде активтерді жасау мен басқаруды үйренесіз.

Курсты аяқтағаннан кейін сіз теориялық білімге ғана емес, сонымен қатар блокчейн және цифрлық активтер саласында практикалық дағдыларға да ие боласыз. Сіз криптоәмияндарды өзіңіз жасай саласыз, криптобиржаларда тіркеліп, жұмыс істей аласыз, DeFi-жобаларға қатыса аласыз, NFT-ді жасап, NFT-маркетплейстермен және метағаламдармен тиімді өзара іс-қимыл жасай аласыз. Бұл сізге осы қарқынды дамып жатқан салаға белсенді қатысу және даму үшін қажет нәрсенің бәрін береді.

Оқыту 2024 жылғы 1 шілдеде басталады. Курс 8 дәрістен тұрады, әр дәрістің ұзақтығы 1,5 – 2 сағат. Егжей-тегжейлі кесте қатысушылар үшін телеграм-топқа жіберіледі. Оқыту форматы онлайн. Жазбасы беріледі.

Оқыту құны – 50 000 теңге.

Оқыту аяқталғаннан кейін әрбір қатысушы NFT-сертификат алады, сертификатты ол өзі жасайды.

Сонымен қатар, барлық қатысушыны жағымды бонус күтіп тұр – бұл Blockchain Basics Roadmap (мақалалар мен бейнелерге сілтемелері бар блокчейн негіздері бойынша гид).

Барлық тілек білдірушілерді курсымызға шақырамыз. Жазылып үлгеріңіз, орындар саны шектеулі.

Оқытуға тіркелу үшін келесі сілтеме арқылы өтіп, нысанды толтыру қажет: https://forms.gle/UQ8kNNNenmhiRksT9.

Байланыс деректері: Мұратбек Бәженеев +7 701 59 240 59.