Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығы (ҚБТҚ) ребрендинг өткізіп, атауын Қазақстандық блокчейн-технологиялар және жасанды интеллект қауымдастығы (ҚБТЖИҚ) деп өзгертті. Жаңарту аясында ұйымның логотипі де өзгертілді.
Қауымдастық функционалының кеңеюі мен жасанды интеллектіге байланысты міндеттерге баса назар аудару ребрендингтің негізгі себебі болды.
ҚБТЖИҚ Төрағасы Дәурен Қарашев 2024 жылдың басынан бері Қауымдастыққа ЖИ саласындағы жетекші мамандар кіргенін әрі олардың көбі қазірдің өзінде осы тақырып бойынша шеберлік сыныптарын өткізгенін хабарлады. Бұл ретте ұйым блокчейн-технологиялар саласындағы белсенді жұмысын жалғастыруда.