Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Қазақстандық блокчейн-технологиялар және жасанды интеллект қауымдастығы (ҚБТЖИҚ) өз алаңында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерімен подкаст өткізді.
МКК-ден подкастқа Цифрлық активтер басқармасының басшысы Әділов Талғат пен Басқарманың бас сарапшысы Ілияс Қаптағаев қатысты.
Подкаст барысында цифрлық активтерге, цифрлық майнерлерге салық салу бойынша сұрақтар және нарық қатысушыларынан алдын ала алынған басқа да сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
ҚБТЖИҚ төрағасы Дәурен Қарашев пен МКК өкілдері осындай подкасттарды тұрақты негізде өткізуге келісті.
Подкаст жазбасы келесі сілтеме арқылы қолжетімді: https://www.youtube.com/live/oETQpxr-MVw?si=UWLJr21otu4Nnk3q