Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Markets in Crypto Assets (MiCA) – бұл Еуроодақтағы криптовалюталарды реттеу туралы заң жобасы. MiCA цифрлық активтерге анықтама береді және олардың мынадай үш типін ажыратады:
1. активтерге байланған токендер (ARTs);
2. электрондық ақшаның токендері (EMTs); және
3. не ARTs, не EMTs болып табылмайтын басқа токендер. (Қазақстан Республикасы заңнамасының тілімен айтсақ, бұл қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер. Дәлірек айтқанда, Мемлекеттік статистика туралы заң жобасы шеңберінде «ҚР-дағы цифрлық активтер туралы» Заңға түзетулер енгізілгенге дейін осылай есептелген еді).
ARTs пен EMTs арасындағы негізгі айырмашылық мыналардың базалық байланысын білдіреді:
1. ARTs III бөлімге сәйкес – бұл электрондық ақшаның токені болып табылмайтын және бір немесе бірнеше ресми валютаны (мысалы, валюталар қоржынын) қоса алғанда, басқа құндылыққа (мысалы, алтын және цифрлық активтер) немесе құқыққа, немесе олардың комбинациясына сілтеме жасау есебінен тұрақты құнды қолдап отыруға ұмтылатын цифрлық активтің типі.
2. EMTs IV бөлімге сәйкес – бұл бір ресми валютаның құнына сілтеме жасау есебінен тұрақты құнды қолдап отыруға ұмтылатын цифрлық активтің типі. EMTs пен ARTs-ке қолданылатын қағидалар (егер өзгеше көрсетілмесе, осы блокта «тұрақты монеталар» деп аталады) 2024 жылғы 30 маусымнан бастап күшіне енеді.
3. MiCA бойынша токендердің үшінші санаты – бұл биткоин немесе эфир сияқты «басқа токендер». Осы «басқа токендерге» қатысты реттеуші міндеттемелер MiCA-ның он нақты қызметінің біреуін немесе бірнешеуін ұсынатын CASP үшін нормативтік базасымен қатар, 2024 жылғы 30 желтоқсанда күшіне енеді.
Яғни, Еуропа елдері сияқты өркениетті юрисдикцияларда қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер арасында айқын айырмашылық бар. Оларды ешбір түрде араластыруға болмайды. Бірақ біздің отандық «данышпандарымыз» жасырын түрде өзара өзге шешім қабылдады. Қабылдаған шешімдері бойынша өз-өздеріне есеп береді деп үміттенеміз, бірақ қайдам.
Дереккөз: https://www.chainalysis.com/blog/mica-stablecoin-regime-challenges-part-1/