Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Foundry майнинг компаниясының президенті Кевин Чжан Қытайда орын алған жайттар туралы әңгімелеп берді. Оның сөздерінше, ойыншылардың көңіл-күйі біршама түнеріңкі, Аспан асты еліндегі майнингтің құлдырауын білдіреді. Оның әріптестерінің сөздерінше, қазіргі таңда 70% биткоин майнерлері өз жұмыстарын тоқтатты, маусым айының аяғына қарай бұл көрсеткіш 90%-ға дейін жететін болады.
Сычуаньның бірқатар майнерлері бірнеше апта ішінде барлық инфрақұрылымды жабу қажеттілігі туралы хабарландыру алған (электр тоғы, стеллаждар, контейнерлер және т.б.). Чжанның пікірінше, бұл майнерлер үшін ауыр соққы болды, өйткені олардың көбі өз жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаттар алған болатын.
Бірақ бұл басты мәселе емес. Foundry вице-президенті қолдағы жабдықтың елеулі бөлігі батыс елдерінің стандарттарына жарамайтындығын ескертеді. «Қытайдан «ASIC жойқын кетуі» оңай болмас деген ойға әкеледі», - деп атап өтті Чжан. Өйткені шетелде хостинг көлемдері ҚХР билігінің шешіміне дейін де тапшы болатын. Сонымен бірге, хостинг жағдайлары басқа. Мысалы, бағасы жоғарырақ, орналасуы ұзақ (6-9 ай), депозиттер және тарифтер.
Алайда, Чжанның ойынша, биліктің шешімі ірі ойыншылар үшін тосынсый болмады, олар Қытайдан қуаттылықтарын ертерек ауыстыра бастады. Ал аталмыш жайт тек көшуді тездетті.
Сөйтіп, спикер оның әріптесі Шэньчжэньге өзінің бірнеше техникалық мамандарын жібергендігін хабарлады, олар жабдықты жөндеп, тазалап, жинастырып жатыр. Соңғы 2 аптада олар 20 000-нан аса ASIC-құрылғыларын жолдаған.
Қытайда әлемдік майнингтің 65% қуаттылығы орналасқандығын еске салсақ, Қазақстан көршілеріміз үшін аса тартымды аумақ болып табылады. Бұл қытайлық CanaanCreative майнинг-жабдық өндірушісінің Қазақстанда сервис-орталықты ашу және өзіндік майнинг-ферманы ашу туралы хабарландыруымен дәлелденеді. Егер бұрын еліміз әлемдік хешрейт үлесі бойынша 4-ші орында болса, жақын арада жүлделі үшінші орынды иеленбек.