Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Қазір блокчейн-технологиялар жайында дүрлікпе ахуал орын алуда, оның сипаты да бытыраңқы болуда. Әйгілі атаулар мен аты шулы хайп қуу жолында қарапайым адам үшін блокчейннің тәжірибелік пайдасы жайлы хабардар етуді ұмытпау қажет. Бұл мақалада блокчейн енгізудің пайдасы аса елеулі болатын және әр адам үшін белгілі бір құндылық беретін, бірқатар нақты салалар келтірілген.
1. Көлік және логистика
Активтердің орын ауысуы көп пайдаланылатын кез келген салада транзакциялардың айқындылығы мен қадағалаушылық аса қажет. Блокчейн көмегімен бұл салалардың дамуын мүлдем жаңаша деңгейге шығаруға болады. DLT (distributed ledger technologies — жіктелген тізілім технологиялы) бүкіл логистикалық инфрақұрылымды толықтай жаңартып, үдерістерге толық айқындылық пен аудиттелушілікті қосуға мүмкіндік береді. Ол үшін біруақытта блокчейнмен қатар IIoT (IndustrialInternetofThings) енгізу қажет болады. Аталмыш жағдайда смарт-сенсорлардың көмегімен көлік техникасының күйін қадағалауға (предиктивті жөндеудің қамтамасыз етілуі), шынайы уақыт режимінде жүктерді мониторингілеуге болады. Нарықтың барлық қатысушылары үшін рөлдеріне қарай (көлік компаниясы, жүк сақтандырушысы, жүк иелері, көлік техникасының иелері, инфрақұрылым иелері, мемлекеттік реттеуші) қолжетімділік құқықтары бөлінген, әрі жалпы жіктелген тізілім нарықты дамытуға және сапалы жаңа сервис деңгейіне өтуге мүмкіндік береді.
2. Фармацевтика және дәрі-дәрмек құралдарының айналымы
Бұл индустрия DLT енгізуге арналған мінсіз жарамды кейстердің бірі. Контрафактілік дәрі-дәрмектер мәселесі бірқатар елдерде аса өзекті болып отыр. Аталмыш жағдайда өндіруші зауыттарда өндірілген әрбір фармацевтикалық өнімді тіркеп, оларды бірыңғай леджерге орналастыру қажет, сол арқылы әрбір медициналық препарат тіркелетін болады әрі қадағалауға мүмкіндіке қол жеткізіледі. Келесі кезеңде жіктелген тізілімге медикаменттерді сататын дистрибьюторлық желіні (дәріханаларды) қосу қажет, бұл препараттардың жеткізілуін қадағалауға мүмкіндік беріп, барлық қамтылған өңірлер бойынша логистиканы белсенді түрде ретке келтіруге болады. Мемлекеттік денсаулық сақтау желісіне енгізу ең мінсіз нұсқа болар еді, сонда DLT-ға азаматтардың хэштелген медициналық деректерін енгізуге болады, сол арқылы жалпы пациенттердің медициналық карталарын жүргізу, медициналық препараттарға рецепттер жазу қажеттілігі алып тасталынады, өйткені барлық дәріханалар да сол леждерге қосылатын болады, сөйтіп орасан зор қағаз жұмысы цифрландырылып, блокчейн инфрақұрылымына ауыстырылатын болады. Денсаулық сақтау саласындағы блокчейн технологиясының әкімгерлері алдында тұратын басты міндет – дербес деректерді қорғау қағидаттарын сақтау мақсатында медициналық препараттар айналымы нарығының қатысушылары арасында леждерде сақталатын ақпаратқа қолжетімділік құқықтарын бөлу болып табылады. Қандай да бір медициналық препараттарды тұтыну деңгейлері бойынша, жыныстық, аумақтық және жас ерекшеліктеріне байланысты кездесетін аурулардың жиілігі бойынша тұлғасыздандырылған деректер ғылыми-зерттеу институттарымен ізденістер жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін. Таңдамалардың сапасы блокчейн технологиясымен және зерттеулердің шынайылылығы жаңа технологияларды қолданумен қамтамасыз етілетін болады. Пандемиялық және постпандемиялық шектеулер жағдайында қарастырылып отырған технология гуманитарлық жүктердің, вакциналардың және өзге де әлеуметтік маңызды препараттардың бөлінуін қадағалауға мүмкіндік беретін болады. Блокчейн технологиясын пайдалана отырып вакцинациялау рәсімі вакцинациялау төлқұжаттарын берумен және тіркеумен байланысты алаяқтық сипаттағы жағымсыз әрекеттерді болдырмауға мүмкіндік береді.
3. Мемлекеттік кезектер және тізілімдер
Аталмыш жағдайда жеке және заңды тұлғалардың барлық деректер тізілімдері блокчейнде орналастырылуы мүмкін. Оған оқу туралы сертификаттардың деректерін (жоғары білім туралы дипломдарды валидациялау, т.б.), жұмыс орындары туралы мәліметтерді (еңбек кітапшаларын цифрландыру, жұмыскерлердің жұмыс тәжірибесінің бірыңғай қоры) енгізуге де болады. Сондай-ақ, барлық муниципалдық кезектерді (бала-бақшалар, әлеуметтік баспана және т.б.) жіктелген тізілімге ауыстыру идеясы да іске асырылуы әбден мүмкін. Осы іс-шаралардың көмегімен сыбайлас жемқорлық ықтималдығы болдырылмайды, сондай-ақ толық емес немесе шынайы емес деректерді енгізу де жол берілмейді. Аталғандармен қатар, жер кадарстарларын, жылжымайтын мүлік тізілімдерін, сақтандырушылық деректер қорларын, несие тарихтарын және т.б. жүргізуде блокчейн технологиясын пайдалануға болады.
Сол арқылы, мақаланың басында айтылған тезистерге орала келе, блокчейннің басқа жаңа технологиялармен біріге, экономиканың кез келген дерлік саласында аудиттелушілікті және айқындылықты арттыруға мүмкіндік беретіндігін атап өту қажет. Нәтижесінде мемлекеттік институттарға жаңа нарықтарға шығуға, әрі экономикаға көбірек инвестиция тартуға мүмкіндік береді, бұл қазіргі уақытта аса маңызды жайт.
Жоғарыда аталған блокчейнді қолданудың үш саласы түйінді болып саналады, олар күнделікті пайдаланылатын сервистердің деңгейі мен сапасын арттыру арқылы адамдардың өмірлерін жақсартуға мүмкіндік береді. Аталғандармен қатар, адамдар жұмыс істейтін немесе екі не одан көп контрагенттер өзара әрекеттесетін барлық дерлік салаларда деректердің айқындылығын, өзгермеушілігін және сақталушылығын ендірудің оразан зор пайдалы мүмкіндіктері бар.
Қазақстанда күнделікті өмірге блокчейн енгізу мысалдарының бірі болып «Techgarden» АКФ еншілес компаниясы болып табылатын Blockchain&BigdataLab компаниясын атауға болады. Команда мемлекеттік салада да, ашық нарық жағдайында да жобаларды іске асыру құзыретіне ие. B&B Lab белсенді әзірлеу барысында салықтық әкімшілендіру, өңірлік деңгейлердегі жер қатынастарын басқару, білім беру және т.б. салаларындағы жобалары бар.
Авторы: SkymaxTechnologies компаниялар тобының тәуелсіз директоры, Тоқжанов А.Т.