• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

TopTraders негізін қалаушысы Қазақстандағы цифрлық майнинг салығы туралы

Жарияланған күні: 02.07.2021

TopTraders тобының негізін қалаушы – Тимур Муслим Қазақстанда майнингке салық енгізуге қатысты пікір білдірді.

«Біз Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының бастамаларын қолдаймыз, өйткені олар ТМД-да криптовалюта нарығының прогресі үшін алғашқы қадам жасауда.

Олардың басты ұсынысы – әлемдік қуаттылықтар нарығында үлесі 5%-дан артқан майнингтік фермаларды көлеңкеден шығару. Бұл елімізде бизнес жүргізудің айқын әрі демократиялы қағидаттарын ұстануға қажетті саналы қадам. Сонымен қатар, бұл көршілеріміз үшін де алғашқы тәжірибе әрі үлгі.

ТМД-ның кейбір елдеріндегі арзан энергетика және оның артылуы көптеген шетелдік инвесторларды қызықтырады, олар майнингтік «қонақ үйлерге» қосылуға дайын. Алайда, елдегі жеке меншікпен байланысты қиындықтар және басқа да тәуекелдер инвесторлардың өз жобаларын тоқтата тұруға әкеледі.

Майнинг өнеркәсібін «көлеңкелі аймақтан» шығару және бизнестің дамуына шынайы жәрдемдесу арқылы мемлекет 1 кВт үшін 1 тг салықтар есебінен ғана емес, елге келетін шетелдік инвестициялардың жанама ағымдары есебінен пайдаға кенелетін болады.

АҚШ, Еуропа, Корея және Қытай елдеріндегі көптеген ірі ойыншылар игергісі келетін қуаттылықтар 1000 МВт-дан асып түседі, бұл үкімет тарапынан мақұлдауды күтіп отырған, келешегі мол жобалар. Сондықтан да ТМД-да бірінші болу аса маңызды».

 

TopTradersgroup – крипто-компаниялар тобы нарықта 2017 жылдан бері жұмыс істейді.

Қазіргі таңда қызмет атқаратын негізгі бағыттары:

крипто-трейдерлердің ірі ру-қауымдастығы,

нарық бойынша талдау алаңы,

венчурлық инвестициялау,

ТМД бойынша айырбастау желісі,

трейдинг және инвестициялар мектебі,

эдвайзинг және жобаларды дамыту.