• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

Криптовалюталардан келетін пассивті табыс

Жарияланған күні: 09.07.2021

Адамзаттың көп бөлігі еш жұмыс істемей ақша тапқысы келеді. Экономистер бұны пассивті табыс деп атап кеткен, мұнда пайда сіздің салымыңызға қарамастан жүріп отырады. Банктердегі депозиттер барынша кең таралған мысалдардың бірі. Алайда, банктердегі пайыз мөлшерлемесі тек елдегі инфляцияны нивелирлейді. Сәйкесінше, бұны пассивті табыс деп атау қиын. Криптовалюталар қаржы нарығын едәуір өзгерткен, сондықтан да пассивті табысты қалыптастыру бойынша криптоиндустрияның ұсыныстарын қарап көрейік.

 

Бірінші кезекте, ойымызға сіздің қатысуынсыз жүретін криптовалюта майнингі келеді.

Артықшылықтары: жоғары табыстылық.

Кемшіліктері: криптовалюталардың құнына тәуелділік, алғашқы кезеңдегі елеулі салымдар, ай сайынғы шығындар.

Салынған қаражаттардың өтелімділігі орташа есеппен жарты жылдан 2-3 жылға дейін уақыт алуы мүмкін.

 

Екінші нұсқа ретінде бұрын жазған стэйкинг ұсынылады.

Артықшылықтары: орташа табыстылық.

Кемшіліктері: криптовалюталардың құнына тәуелділік, алғашқы кезеңдегі елеулі салымдар.

Ерекшелігі – криптовалюталардың едәуір көлемі болу қажеттілігі.

 

Үшінші нұсқа – лендинг. Егер қысқаша айтса, онда бұл криптовалютадағы депозит. Қаражаттарды бұғаттау смарт-контакттар арқылы жүргізіледі.

Артықшылықтары: алаңдаудың және онымен айналысудың қажеттілігі жоқ.

Кемшіліктері: төмен табыстылық, елеулі табыс алу үшін үлкен соманың болуы.

 

Төртінші нұсқа – хардфорк. Криптоиндустрияда бағдарламалық қамтаманың жаңартулары форк деп аталады. Софтфорк және хардфорк болады. Бізді қызықтыратыны екіншісі, оның мәні алдыңғымен үйлеспейтін жаңартуды көздейді. Сәйкесінше, егер пайдаланушылардың бір бөлігі жаңартылмаса, онда екі блокчейн бөлігі қалыптасады. Ал сіздің әмияныңыздағы криптовалюталардың бастапқы саны екі еселенетін болады.

Артықшылықтары: ештеңе жасаудың қажеті жоқ.

Кемшіліктері: сирек болады, пайда екі криптовалютаның құнына тәуелді болады.

 

Аталмыш пост тек таныстыру мақсатында жарияланған.