Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР-да блокчейн-технологияларды дамыту бойынша кеңес өтті. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен криптоиндустрия мен блокчейн технологияларды дамыту жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобының құрамына уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ блокчейн-технологиялар қауымдастығының басшылары кірді.
Жұмыс тобының мақсаты криптоиндустрия мен блокчейн-технологияларды дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Топ отырыстары жүйелі негізде өтеді.
Талқылау барысында "қазақстандық блокчейн технологиялар қауымдастығы" Төралқасының президенті Исламбек Салжанов блокчейн индустриясын дамыту бойынша нақты ұсыныстармен сөз сөйледі.