Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
TripleA компаниясының ақпаратына сәйкес, әлем халқының 3,9%-ы немесе 300 млн-нан астам адам криптовалюталарды қолданады. 18 000 астам кәсіпорын криптовалюталарды төлем ретінде қабылдайды.
Әлемде криптовалюта иегерлері арасында абсолютті көшбасшы Үндістан- 100,7 млн азамат.
Үздік 10 елдің тізімі келесідей:
1. Үндістан - 100,74 млн
2. АҚШ - 27,49 млн
3. Ресей - 17,37 млн
4. Нигерия - 13 млн
5. Бразилия - 10,3 млн
6. Пәкістан - 9 млн
7. Индонезия - 7,28 млн
8. Вьетнам - 5,96 млн
9. Украина - 5,56 млн
10. Кения - 4,58 млн
Компанияның ақпаратынша, Қазақстанда халықтың 1,73%-ы немесе 324 325 адам криптовалютаға ие. Жалпы халық санына шаққанда Украина мен Ресей 12,73% және 11,91% көрсеткіштермен алғашқы орындарға ие.
Біздің оңтүстік көршілерімізде жағдай келесідей:
Өзбекстан - 344 047 адам немесе 1,03%
Қырғызстан – 63 199 адам немесе 0,97%
Әзірбайжан – 98 217 адам немесе 0,97%
Жалпы, криптовалюталарға инвестициялауды ер адамдар жасайды (79%). Криптовалюталардың иегерлері арасында 58%-ы 34 жастан асқандар. 82%-ы бакалавр дәрежесін иеленсе, 36%-ы жыл сайыңғы табыстары $100 000 асады.