• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

Kazakhstan Blockchain Day

Жарияланған күні: 17.11.2021

Біз блокчейн индустриясының сарапшыларын, стартаптарын және инвесторларын 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Kazakhstan Blockchain Day кең ауқымды форумына қатысуға шақырамыз. Іс-шара Қазақстан блокчейн технологиялар қауымдастығының (ҚБТҚ) бастамасымен MOST бизнес-инкубаторы Astana Hub және блокчейн және криптовалюталар саласындағы сенімді серіктес Paxaro платформасымен серіктестікте ұйымдастырылуда.

Форум қазақстандық блокчейн экожүйесіне қатысушыларды: сала мамандарын және алғашқы қадамдарын жасап жатқандарды біріктіреді.

Спикерлер мен қонақтар Қазақстандағы блокчейн технологиясының болашағын және мемлекеттік басқару саласындағы қолдану мүмкіндіктерін, криптовалюта индустриясына инвестицияларды талқылайды. Сондай-ақ блокчейн технологиясын қолданатын стартаптарға арналған питч-сессияны өтеді.

Тіркеу most.com.kz/blockchainday сайтында өтеді. Рөліңізді таңдаңыз: сарапшы, инвестор немесе стартап. Форумға қатысқысы келетін басқа азаматтарға онлайн трансляция ұсынылады.

Қала: Нұр-Сұлтан