Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Қазақстандық блокчейн технологиялары қауымдастығының басқарма төрағасы Ахметов Сапар Қайратұлы (https://www.youtube.com/watch?v=TbW8Fnm1DLM) заңды майнерлердің электр қуатын өшіруіне қатысты ағымдағы жағдай туралы «Хабар 24» телеарнасының бизнес жаңалықтары үшін түсініктеме берді.
«Бүгінгі таңда көптеген майнингтік компаниялар өз қызметін қысқартып, құрал-жабдықтарын бөлшектеп, Қазақстаннан басқа елдерге көшуде. Осының аясында электр қуатына қатысты мәселе шешілмей жатыр, яғни майнерлерді электр тоғынан ажыратса да, мәселе сол күйінде қалып отыр. Яғни түйіткілді мәселе майнерлерде емес", - деді Сапар Ахметов.
Видеоға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=TbW8Fnm1DLM