Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
2021 жылы 17 наурызда Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы мен ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум, блокчейн, деректер орталығы индустриясы, және басқа да ақпараттық және цифрлық технологиялар салаларын құқықтық реттеу бойынша зерттеулер жүргізу, сондай-ақ осы технологияларды дамытуға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ынтымақтастық бағыттарын көздейді.
Сонымен қатар, Меморандум, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыру, бірлескен іс-шаралар, семинарлар, вебинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша қызмет бағыттарын айқындайды.
Меморандумға қол қою барысында Институт директоры Рамазан Құмарбекұлы Сарпеков пен Қауымдастық басқармасының төрағасы Сапар Қайратұлы Ахметов, ынтымақтастықты құру және оны кеңейту, сонымен қатар пандемия жағдайындағы екі жақты жұмыстың өзекті мәселелерін талқылады.
Іс-шараға Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының өкілдері және ҚР Заң шығару және құқықтық ақпарат институтының өкілдері қатысты.