Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
3 шілдеде жалпы отырыс барысында Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының мүшелері Жарғыға сәйкес Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының Басқарма Төрағасы – Дәурен Қарашевті сайлады.
Дәурен Дәуітұлы 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (ҚазҰУ) бітірген. 2013 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде оқуын аяқтады. 2014 жылдан 2015 жылға дейін The University of Sheffield-те, ал 2023 жылы Alliance Manchester Business School-де оқыды.
2010 жылдан 2011 жылға дейін-ҚР Әділет министрлігінде аға мемлекеттік сот орындаушысы.
2011 жылдан 2012 жылға дейін - ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің сарапшысы
2012 жылдан 2013 жылға дейін - ҚР Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасында талдамалық жұмыс жөніндегі маман
2013 жылдан 2015 жылға дейін - ҚР Әділет министрлігі Экономика және қаржы департаментінің Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас сарапшысы
2015 жылдан 2021 жылға дейін - ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Заңнама департаментінің бас консультанты
2021 жылдан 2022 жылға дейін – Қазақстандық заңгерлер Одағында төрағаның орынбасары.
2021 жылдан 2023 жылға дейін – қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының Заң департаментінің директоры
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – AQ Group тәуекелдерді басқару және сәйкестік бөлімінің басшысы.
Дәурен Қарашев ICA-талаптарды сақтау жөніндегі халықаралық қауымдастықтың мүшесі болып табылады.