Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Осыдан екі жыл бұрын цифрлық майнинг пен крипто биржаларына салынған салық ауыртпалығынан Қазақстаннан бір талай шетелдік инвесторлар көшіп кеткен
Бұндай келеңсіз жағдай еліміздің инвестициялық ахуалына әрі экономикасына айтарлықтай кері әсерін тигізгені анық
Сол кезден бастап біз, крипто индустрия саласын заңбұзушылықтан, салық жалтарудан түбегейлі тазартып, еліміздің экономикасына пайдалы әсерімізді дәлелдеп келеміз
Тым қатаң салық мөлшерлерін қайта қарау бойынша салық заңнамасының жобасы соған дәлел
Енді осы инновациялық саласының жемісін көретін уақыт алыс емес
Осы саладағы кез-келген бастаманы заң шығару, салық жағынан әрдайым қолдаудан бас тартпаймыз