Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
2023 жыл қазақстандық криптоиндустриясы және цифрлық майнинг саласы үшін өте жемісті көрсеткіштермен есте қалады.
Ең маңызды мәселелерге тоқтала кетсек.
Біздің Қазақстандық блокчейн технологиялары және деректер- орталықтары қауымдастығының бастамасымен:
1) 2023 жылғы 6 ақпанда «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» негізгі Заң қабылданды.
Бұдан былай Қазақстанның цифрлық майнинг және цифрлық актив биржалары лицензияланған қызмет болып есептеледі, олардың қызметі мен кірістері ашық және толық реттелген;
2) 2023 жылғы 1 шілдеде Бірыңғай электр энергиясын сатып алушы моделі енгізілді.
Бұдан былай цифрлік майнерлер энергия жүйесіне қандай да бір қауіп төндіреді деу мүлдем қате. Керісінше, цифрлық майнерлер қазақстандық энергетика жүйесінің қалыпты жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.
3) 2023 жылғы 12 желтоқсанда Мемлекет басшысы салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.
Осы Заң аясында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап крипто биржалары үшін цифрлық активтермен операциялар бойынша ҚҚС жойылады. Бұған дейін қазақстандық криптобиржалары ҚҚС төлеу міндеттемесіне байланысты бәсекеге қабілетті емес еді, өйткені дамыған елдердің барлық заңдарында цифрлық активтермен операция үшін ҚҚС алу тәжірибеде жоқ.
Сондай-ақ цифрлық майнинг үшін төлемақы мөлшерлемесі электр жүйесінен 1 кВт/сағ электр энергиясын пайдаланған кезде сараланған 26 теңгеден нақтыланған 2 теңгеге, сондай-ақ автономды газ өндіру жағдайында 10 теңгеден 1 теңгеге дейін қайта қаралатын болады.
4) Блокчейн, биткоин және криптовалюталар туралы бестселлер кітаптар мемлекеттік тілге аударылып, Ұлттық және облыстық кітапханалар мен үздік университеттерге тегін таратылды.
Қауымдастық инновациялық технологияларды дамыту және ілгерілету бойынша жұмысын жалғастырады.