• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

Қауымдастық өкілдері энергетика саласында блокчейн-технологияларды қолдану туралы айтып берді

Жарияланған күні: 20.02.2024

Блокчейн-технологиялар қауымдастығының өкілдері ЭҚНҚО шақыруымен блокчейн-технологияларды пайдалана отырып, компанияның бизнес-процестерін оңтайландыру перспективаларын зерттеуге арналған семинар өткізді.


ЭҚНҚО – Электр энергиясы мен қуат нарығының қазақстандық операторы.

Семинар аясында энергетика саласында блокчейн-технологияларды қолдану ерекшеліктері талқыланды, олардың әлеуетті артықшылықтары мен ЭҚНҚО бизнес-процестерін оңтайландыруға әсері зерттелді. Мәселен, басқа салаларда блокчейнді енгізудің табысты кейстері қаралды, бұл ретте энергетика секторы үшін ықтимал перспективалар ерекше аталып өтті.

Қаржы секторында сәтті қолданылатын блокчейн-технологиялар ЭҚНҚО операцияларының ашықтығын, тиімділігі мен қауіпсіздігін едәуір жақсарта алады.