Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
2009 жылғы 12 қаңтарда криптовалюта әлемінде тарихи оқиға болды – алғашқы Биткойн-транзакция жасалды.
Биткойн блокчейн-технологиялардың ең танымал қолданыстарының бірі болып табылады. Биткойн желісінің ішіндегі транзакциялар біз үшін әдеттегі транзакциялардан ерекшеленеді, себебі аударым үшінші тұлғаларсыз (мысалы, банксіз) жүзеге асырылады. Әрбір қатысушыға қандай да бір кезде блокчейнде болған кез келген транзакция туралы ақпарат қолжетімді болады.
Алғашқы транзакция жасалған кезден бастап Биткойнға деген сұраныс пен қызығушылық едәуір артты. Мысалы, бүгінде бір биткойнның құны шамамен 46 мың долларды құрайды. Ешкімге белгісіз валютадан биткойн елдердің экономикасына әсер ете алатын қуатты құралға айналды.
Сарапшылардың болжамы бойынша, алдағы бес жылда заңды майнинг Қазақстанда ғана экономикамызға 1,5 млрд. доллардан астам түсім әкеле алады, бұл ретте әлеуетті салықтар 300 млн. доллардан асады.