Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
2021 жылғы 17 сәуірде қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы "Астана"халықаралық қаржы орталығымен жұмыс бабындағы кездесуін өткізді.
Кездесу барысында АХҚО аумағында қазақстандық криптобиржаларды дамыту бойынша екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қауымдастық тарапынан қолданыстағы заңнаманы жақсарту бойынша ұсыныстар енгізілді. Сондай-ақ, Тараптар проблемалық мәселелерді талқылап, оларды шешу бойынша ұсыныстар енгізді.
Іс-шараға қауымдастық тарапынан Төралқа төрағасы Исламбек Салжанов, Басқарма төрағасы Сапар Ахметов және Атқарушы директор Мақсұтбек Айтмағанбет қатысты. АХҚО тарапынан Басқарушы директор Қайрат Келімбетов, "АХҚО Әкімшілігі" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Әйтекенов және АХҚО Әкімшілігі Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қалиев қатысты.