Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Оңтүстік Корея арнайы бөлімшені іске қосып, криптовалюта қылмыстарының артып келе жатқан толқынына қарсы күресу үшін батыл қадамдар жасады. Бұл орталықтың құрамына сот, қаржы, салық және кеден органдарының 30 қызметкері кіреді. Құрылым цифрлық активтер нарығы үшін тиісті реттеу енгізілгенге дейін заңдық вакуумды толтыру және инвесторлардың мүдделерін қорғау үшін жұмыс істейтін болады.
Жаңа Орталық қызметінің басты назары жоғары құбылмалы криптовалюталарға, заңсыз сауда практикаларына, салық төлеуден жалтаруға, шетел валютасын заңсыз аударуға, ақшаны жылыстатуға және қылмыстық пайданы жасыруға байланысты тергеп-тексерулерге аударылады.
Көршілес Өзбекстанда криптовалюталардың айналымына байланысты қызметтердің провайдерлерін лицензиялау рәсімінде де өзгерістер орын алды. Енді шетелдік уәкілетті орган берген анықтаманың апостилін немесе мемлекеттік тілге нотариат куәландырған аудармасын ұсыну талап етіледі. Сонымен қатар, криптовалюта нарығында жұмыс істегісі келетін адамдарда сотталғандықтың болмауы міндетті шарт болды.
Өз кезегінде, Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығы шетелдік тәжірибені негізге ала отырып, ЦДИАӨМ-мен, ҚММ-мен және Бас прокуратурамен бірлесе отырып, Қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі жұмыс тобын құру туралы бастаманы көтеріп отыр. Криптоиндустрия саласындағы қылмыстардың күрт өсуіне байланысты Қауымдастық осындай бастаманы ұсынды.