Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының Басқарма төрағасы Дәурен Қарашев пен Қауымдастықтың халықаралық ынтымақтастық қызметінің басшысы Саяжан Тұяқова БҰҰДБ энергетика және қоршаған орта департаментінің директоры Әсел Нұрбековамен, БҰҰДБ техникалық менеджері Олег Хмелевпен және басқалармен кездесу өткізді. Кездесу Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының Қазақстандағы елдік кеңсесінде өтті.
Қатысушылар елімізде цифрлық майнингті дамыту мәселелерін және майнинг машиналарының энергия тиімділігін арттыру міндеттерін, сондай-ақ CO2 шығарындыларын азайту мақсатында майнерлердің жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қосатын ықтимал үлесін талқылады.
Тараптар бірлескен жобаларды одан әрі іске асыру үшін материалдармен алмасуға уағдаласты. Сонымен қатар, Қауымдастық майнерлердің және мемлекетпен ұзақ мерзімді келісімшарты жоқ шағын ЖЭК жобаларының өзара тиімді коллаборациясы идеясын қолдады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Париж келісімі шеңберінде парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға сөзсіз қысқарту, сондай-ақ 2030 жылға қарай 1990 жылғы деңгейден 25% мөлшерінде шартты (халықаралық қолдау болған жағдайда) қысқарту түрінде қосатын үлесін мәлімдеді.