Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығында Еуропалық Одақтың «Орталық Азиядағы орнықты энергетикалық байланыстар» (SECCA) жобасымен екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Қауымдастықтың төрағасы Дәурен Қарашевтың SECCA жобасының Ұлттық үйлестірушісі Жақсылық Тоқаевпен болған кездесуінде ҚР-дағы «жасыл» энергетика мен энергия тиімділігін арттыру, сондай-ақ ESG мәселелерін дамыту саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары қаралды.
Жақсылық Тоқаев жобаның әрі Қазақстандағы, әрі тұтастай алғанда, Орталық Азия өңіріндегі мақсаттарымен бөлісті.
Әңгімелесу барысында ҚБТҚ тарапынан ұйым еліміздің Жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамаға бейіл, оның ішінде Қауымдастық сарапшыларының Еуропалық Одақтың ҚР-дағы Өкілдігінен әріптестерімен тақырыптық жобалар бойынша өзара іс-қимыл жасауына мүдделі екені, сондай-ақ майнерлердің шағын ЖЭК-термен (жаңартылатын энергия көздері) өзара іс-қимылы арқылы CO2 деңгейін төмендету идеясы айтылды.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстанның көміртегі нарығын (Carbon Market) дамыту мәселелері мен проблемаларын талқылады. Дәурен Қарашев цифрлық майнерлер шағын ЖЭК-термен өзара іс-қимыл жасай отырып, осы нарықтың дамуына қалайша пайда әкеле алатынын айтып берді.
Осыған байланысты, тараптар Жоба шеңберінде одан әрі ынтымақтасу, энергетика саласындағы қарым-қатынас жасау нүктелерін іздеу және екі ұйымның сарапшылары арасындағы байланыстарды нығайту туралы уағдаласты.
Еуропалық Одақ пен Қазақстан Энергетикалық хартия шеңберінде ынтымақтастық жасайтынын да атап өткен жөн. Қазақстан энергетикалық нарықтардың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және оларды тиімді пайдалануға бағытталған ЕО EU4Energy Бастамасы бағдарламасының бенефициары болған.