Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығымыздың мүшесі, цифрлық активтердің лицензияланған биржасы болып табылатын CaspianEx өзінің ресми іске қосылғаны туралы жариялағанын хабарлауға қуаныштымыз.
Биржаның платформасында мынадай бес негізгі криптовалюта қолжетімді: BTC, ETH, BNB, TRX және USDT. Бұдан басқа, пайдаланушылар үшін CaspianEx серіктесі Simplex төлем шлюзі арқылы қазақстандық теңгеге (KZT) криптовалюталарды сатып алу мүмкіндігі ұсынылған, бұл инвестициялау процесін одан да ыңғайлы әрі қолжетімді етеді.
«Қазақстанда құрылған CaspianEx криптобиржасы 2024 жылғы 1 наурыздан бастап іске қосылғаны туралы ресми жариялады! Бұл бәріміз үшін маңызды сәт және сіздердің осы жолдағы қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз», – деп айтылған ресми хабарда.
CaspianEx бас директоры Мақсат Салпынов компания өзін сервис пен қолдаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге арнағанын атап өтті. Команда 5 жылдан астам тәжірибесі бар Fintech саласындағы тәжірибелі мамандардан тұрады.
CaspianEx «Астана» ХҚО-да өз қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар, бұл инвестициялардың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қауымдастығымыз CaspianEx-ке толағай табыс пен дамуды тілейді.
CaspianEx туралы толығырақ ақпаратты компанияның мына ресми сайтынан табуға болады: www.caspianex.com.