Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Қаржылық мониторинг агенттігінде Қазақстанда қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына тыйым салынғаны туралы хабарлады.
«Қазіргі уақытта ҚМА жеке тұлғалардың криптовалютамен жасалатын заңсыз операцияларының (сатып алу, сату, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысулар, Р2Р арқылы жасалатын операциялар) бар екенін байқап отыр. Криптовалюта алаяқтық, қаржы пирамидасы және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату сияқты қылмыстарда жиі пайдаланылады», – деп айтылған Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің хабарында.
ҚМА-да Қазақстан аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді (биткоин, эфириум) шығаруға, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына (биткоин, эфириум арқылы өзара есеп айырысулар), қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының қызметіне (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді валютаға және валютаны қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге айырбастау жөніндегі қызметтер) тыйым салынғанын еске салды.
«Бұл тыйым салудың бір ғана ерекшелігі бар – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) лицензиясын алған биржалардың қызметі», – деп айтылған ҚМА-ның таратылған хабарында.
Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының (ҚБТҚ) төрағасы Дәурен Қарашев Мәжіліс депутаттары мен мемлекеттік құрылымдарға жүгіне отырып, бұл көкейкесті мәселені барлық деңгейлерде бірнеше рет көтергенін айта кеткен жөн. Бұған дейін Мемлекет басшысы криптовалюта қылмыстарының өсуіне қарсы шараларды күшейту және адал бизнесті қорғауға бағытталған шараларды нығайту қажеттілігін атап өткен болатын.