Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының төрағасы Дәурен Қарашев пен Жасанды Интеллект жаңа технологиясын – Прогрессивті жасанды нейрондық желілерді жетекші әзірлеушілердің бірі Анатолий Гин ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
ҚБТҚ төрағасы жасанды интеллект және блокчейн-технологиялар саласындағы жетекші сарапшымен ынтымақтастықтың болашақ перспективаларына сенім білдірді.
А. Гин 2014 жылдан бері Progressive Artificial Neuro Net-ті (PANN) ілгерілетумен және әзірлеумен айналысып келе жатқанын айта кеткен жөн. Технологияға арналған патенттердің иесі Progress.Inc. (progress.ai) (АҚШ) болып табылады. Қазіргі уақытта Гин Omega Server.Inc компаниясы Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады, ол Progress.Inc компаниясының лицензиясы бойынша жаңа технологиядағы әлемдегі алғашқы нейрожелілік серверді жасап жатыр. Сонымен қатар, Гин ӨЕШТ (өнертапқыштық есептерді шешу теориясы) бойынша танымал мамандардың бірі және ТМД елдерінің, Францияның, Польшаның, АҚШ-тың әзірлеуші авторлары кіретін «Жаңа Дәуірге арналған білім беру» халықаралық қоғамдық зертханасының негізін қалаушы ретінде танымал.
Анатолий Гин – 30-дан астам қағаз басылымның авторы, 40-тан астам кітаптың редакторы, олардың көбі 13 елде, оның ішінде АҚШ-та, Қытайда, Оңтүстік Кореяда, Малайзияда, Жапонияда, Батыс және Шығыс Еуропа елдерінде жарық көрген.