Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.
2024 жылғы 27 наурызда Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығы (ҚБТҚ) мен АХҚО Жасыл қаржы орталығы (ЖҚО) арасында кездесу өтті. ҚБТҚ төрағасы Дәурен Қарашев ЖҚО Басқарма мүшесі Манас Гиждуаниевпен кездесті.
Дөңгелек үстелдің басында жасыл энергетика нарығын дамыту перспективалары, лицензияланған майнерлердің осы бағыттағы рөлі мен маңызы, сондай-ақ Қазақстанда жасыл энергия қуаттарын салу есебінен көміртегі шығарындыларын азайту мәселелері және майнерлер енгізе алатын әлеуетті үлес талқыланды.
«Өздеріңіз білетіндей, өткен жылғы 1 шілдеде енгізілген Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының моделіне сәйкес бұдан былай цифрлық майнерлер энергия жүйесі, атап айтқанда, тұтынушылар талап етпеген артық электр энергиясын, басқаша айтқанда, профицитті ғана тұтына алады. Профицит игерілмеген жағдайда, энергия жүйесінде шамадан тыс кернеу пайда болуы мүмкін. Енді мұндай профицит цифрлық майнерлерге аукционда құнды жоғарылату әдісі бойынша сатылады. Өкінішке қарай, мұндай профицит әрдайым бола бермейді. Сондықтан өздерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін цифрлық майнерлер қосымша энергия қуаттарын салуға мүдделі. Әрі біз жаңа энергия қуаттарының экологиялық таза – "жасыл" болғанын қалаймыз. Тұтастай алғанда, жасыл жобаларды іске асыруды ұлғайту керек. Ол үшін көміртегі нарығының дамуын ынталандыру қажет. Осымен белсенді айналысуды жоспарлап отырмыз», – деп ерекше атап көрсетті Қарашев.
Талқылау қорытындысы бойынша тараптар алға қойылған мақсаттарға жету үшін одан әрі ынтымақтастық мүмкіндігін атап өтті.