• +7 705 552 22 02  

  • Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сығанак көш. 43, 15 қабат.

«Блокчейн және ЖИ мектебі» және ҚБТҚ мүшесі «Techcompany» блокчейн негіздері мен криптовалюталар, smart келісімшарттар, сондай-ақ nft мен gamefi бойынша шеберлік сыныбын өткізеді

Жарияланған күні: 01.04.2024

2024 жылғы 8 сәуірде ҚБТҚ мүшесі Techcompany «Блокчейн және ЖИ мектебі» базасында келесі бағыттар бойынша тегін шеберлік сыныптарының сериясын іске қосады:

I ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ: «Блокчейннің жалпы тұжырымдамалары»

Шеберлік сыныбында сіз блокчейн туралы әрі оның қайда және қалай қолданылатыны туралы бәрін білесіз (ашықтық, өзгермейтіндік, бағдарламалану).

Бұдан басқа, сіз P2P желісі жұмысының тұжырымдамасы, үлестірілген және орталықсыздандырылған жүйенің жұмысы, сондай-ақ консенсус пен оның түрлері (POS, POW, PoST), нодалар, нодалардың мақсаты және стейкинг туралы білесіз.

Шеберлік сыныбының екінші бөлімінде сіз криптовалюталардың ерекшеліктері, токендер, токендердің түрлері, әмияндар және әмияндардың түрлері туралы білесіз.

II ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ: «DeFi орталықсыздандырылған қаржы»

Мұнда сіз DeFi, Dapps және DAO деген не екенін білесіз. Жобаларды басқарудың, болашақты ұйымдастырудың жаңа тәсілдерімен танысасыз.

Сонымен қатар, сізге негізгі хаттамалар және олардың қай жерде қолданылатыны, атап айтқанда, Uniswap айырбастау, Compound кредиттеу, Set protocol индекстері туралы айтылады.

Екінші бөлімде сізге қаржы құралдары мен олардың артықшылықтары туралы айтып береді (DeFi стейкинг, DeFi фарминг, DeFi өтімділікті ұсыну, және Dex биржалар).

III ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ: NFT және GameFi

Соңғы шеберлік сыныбының аясында сіз NFT деген не және оның қандай міндетті шешетінін түсінесіз. NFT-ді іс жүзінде қолдану кейстері мен тәсілдері қаралады: сән, ойын, өнер, спорт, сертификаттар.

Осы шеберлік сыныбының екінші бөлігінде GameFi қаралады. Оның артықшылығы неде, ойын қаржысы нарығының қалайша құрылғаны айтылады. Сонымен бірге, сіз метағалам туралы, бізді қандай болашақ күтіп тұрғанын, метағаламда не істеуге болатынын және оның ерекшеліктерін білесіз.

Тіркелу үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз:

https://forms.gle/3uupwJxSzxyuLr619